Олжас Бектенов: Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет Конституцияда бекітілді

Олжас Бектенов: Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет Конституцияда бекітілді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Санкт-Петербургте өткен мәдени байланыстарды нығайту және креативті индустрияларды дамыту мәселелеріне арналған халықаралық конференцияның пленарлық отырысында сөз сөйледі.

Олжас Бектенов: Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет Конституцияда бекітілді

Іс-шараға Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымалиев, Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов және Түрікменстанның білім министрі Джумамырат Гурбангелдиев қатысты.

Олжас Бектенов креативті индустриялар мен мәдени ынтымақтастықты дамыту ТМД кеңістігіндегі өзекті бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл саладағы әріптестік Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Ресей Президенті Владимир Путиннің және Достастыққа мүше елдер көшбасшыларының қолдауымен дамып келеді.

Премьер-министр Қазақстанда мәдениет пен шығармашылық қызметті қолдау мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының біріне айналғанын айтты.

Олжас Бектенов: Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет Конституцияда бекітілді

«Биыл наурыз айында өткен жалпыұлттық референдумның қорытындысы бойынша жаңа Конституция қабылданды. Ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Жаңа Ата заң мемлекеттілікті нығайтуға, “Заң мен Тәртіп” қағидаты негізінде Әділетті және Озық Қазақстан құруға бағытталған. Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді», – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы мамыр айында Астанада өткен «Алтын Орда» дала өркениетінің моделін зерттеуге арналған халықаралық симпозиумның маңызын да атап өтті. Оған әлемнің 20-дан астам елінен тарихшылар мен мәдениеттанушылар қатысқан.

Сонымен қатар жаңа Конституцияда зияткерлік және шығармашылық қызметті қорғауға кепілдік берілген. Бұл өз кезегінде креативті индустрияның дамуына серпін беріп отыр.

Бүгінде Қазақстандағы креативті индустрия 40-тан астам қызмет түрін қамтиды. Салада 150 мыңнан астам адам еңбек етеді. Соңғы жылдары креативті сектордағы жалпы қосылған құн көлемі шамамен 25 пайызға өсіп, 3 млрд долларға жеткен.

Қазақстан кино, музыка, дизайн, ойын индустриясы және цифрлық контент өндірісі бағыттарында айтарлықтай нәтижелер көрсетіп келеді. Отандық фильмдер мен сериалдар, музыкалық және цифрлық өнімдер халықаралық нарықтарға шығып, әлемдік аудиторияны қазақ мәдениетімен таныстыруға және елдің экспорттық әлеуетін арттыруға үлес қосуда.

Еще больше интересного

Черногориямен қарым-қатынасты нығайту мәселесі талқыланды

Елімізге алғашқы рет ресми сапармен келген Черногория Президенті Яков Милатовичге жоғары деңгейде құрмет көрсетілді. 2023 жылдан бері...

БҰҰДБ Қазақстандағы білім беру жобаларына қатысуға дайын

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен...

ҚТЖ транзит жоспарын толық орындамаған

ҚТЖ-ң басшысы Талғат Алдыбергенов премьер-министрден сөз естіді. ҚТЖ өзіне жүктелген міндеттің бірі- транзит жоспарын 30 пайызға орындамаған....