Отандық автоөнеркәсіп қашан дамиды?

Отандық автоөнеркәсіп қашан дамиды?

Қазақстандық автоөнеркәсіпке қатысты сын да, мін де көп. «Автокөлікті елде жинасақ та, өзіміздікі емес» деген феномен қалыптасқан. Қазақстандық автоөнеркәсіп ол – құрастыру цехы деп те айтып жатады. Шын мәнінде, бүкіл көлік «конструктор» сияқты келеді. Бізде тек соны құрастырумен айналысады. Біз бас сұққан Алматы қаласындағы Аstana Motors компаниясының атвозауыттарының жұмысын көріп, отандық автоөнеркәсіптің дамып жатқанын аңғардық. Авто саласындағы ірі холдинг осы жылдың қыркүйегінен бастап қытайлық танымал Chery, Сhangan,Haval автокөліктерін шығарып жатыр. Зауыттың өндіріс қуаты 120 мың автокөлікіт құрайды. 211 мың шаршы метрді құрап отырған өндіріс аумағында 2300 адам жұмыс істеп жатыр.

Отандық автоөнеркәсіп қашан дамиды?
Отандық автоөнеркәсіп қашан дамиды?

Бекнұр Несіпбаев Astana Motors компаниясының бас директоры:
— Біздің зауыттан шығарылған автокөліктердің қытайда шығарылған көліктерден айырмашылығы көліктің қаңқасын мырышпен қаптау 40 пайызға қытайлық автокөліктен жоғары.Біздің автокөліктер қысқы климатқа ыңғайлап шығарылған. Қосалқы бөлшектері, техникалық ерекшеліктермен жабдықталған. Автокөлік орындықтарын, рөлді, терезені,айналарды қыздыру, шуға қарсы өңдеу жасалған.

Бас директордың айтуынша, жұмысшылардың орташа айлығы 450 мың теңгені құрайды. Бұл жерде қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы да жасалған. 13-і айлық,медициналық сақтандыру, фитнес клубтары бар. Тегін тамақтандырып, жұмысшыларды тасымалдау да қарастырылған. Қаржыгер мамандығын игерген Азамат бұл зауытта дәнеркерлеуші қызметін атқарып жатыр.

Отандық автоөнеркәсіп қашан дамиды?

Азамат Жанұзақ – Зауыт жұмысшысы:
— Бұл зауытқа бір жыл бұрын жұмысқа келіп, дәнекерлеруді үйрендім. Негізі қаржыгермін. Үйренетін шуаруа көп. Дәнекерлеу, құрастыру, бәрін б үйрендік. Арнайы мамандар бізді осы жерде оқытты.

Отандық автоөнеркәсіп қашан дамиды?
Отандық автоөнеркәсіп қашан дамиды?

Өздеріңіз көріп отырғандай зауыт жоғары технологияны қолданады. Автокөлік бөлшектері роботтардың көмегімен жиналады. Көлік қаңқасын бояу барысы да үлкен операциядан өтеді. Бір сағатта 30 көлік сырланады. Жұмысшылардың тілімен айтқанда көлік қаңқасы мен қозғалтқыш толық дайын болғанда екеуінің қосылатын жері «үйлену» деп аталады. Зауыт іске қосылған 1-2 айда 10 мың көлік жинап шығарған. Astana Motors Хюндай көлігін де шығарады. Бұл жерде де автоөндіріс жоғары технологияны қолдана отырып, бір жолға қойылған екен. Осы жылы зауыт 50 мың Хюндай автокөлігін шығарған. Көліктің орындығы,мультимедиялық құралдары өзімізде шығарылады. Біздің аңғарғанымыз бұл жерде қыз-келіншектер көп. Олар өте ұқыпты жұмыс істейді дейді басшылығы. Автокөлік шығаратын әлемдік 10 компанияның қатарынағы холдинг өндіріс көлемін арттыра отырып, отандық темір тұлпардың бағасын төмендетуды көздеп отыр.

Отандық автоөнеркәсіп қашан дамиды?

Нұрлан Смағұлов Astana Group Холдингінің негізін қалаушы:
— Біздің жұмыстарымыздың бәрі — көлік бағасын төмендету үшін жасалып отыр. Қазақстандық тұынушылар үшін бағаны төмендету керек. Қазақстандық өнім болса ол арзандатуға мүмкіндік береді. Бір-екі ай бұрын біз Қазақстанда шығарылған көлік бағасын 12-ден 19 пайыға төмендеттік. Ол Чанган, Черри көліктері. Біз локолизацияны терең игерген кезде, баға түсе береді. Компания автокопмонеттерді өндіруді алдағы 5 жылда 51 пайзыға дейін жеткізуді көздеп отыр. Қазақстанда автоөндіріс кеңінен дамығанда көп жұмыс орны да пайда болады.

Елдегі автокөлік өндірісін дамытып отырған Astana Group компаниясында жалпы 5 мыңнан аса адам жұмыс істейді.

Тағы оқыңыз...

Ветеринариядағы ірі жемқорлық схемасы

Түркістан облысында ветеринария саласында бюджет қаражатын жымқырудың ірі схемасы анықталды. Әңгіме нақты көрсетілмеген қызметтер үшін аударылған шамамен...

Астанада көктемгі тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық тазалау жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы...

Жаңа өнеркәсіптік саясат: Экономиканы әртараптандырудың жаңа кезеңі

Қазақстанда жаңа өнеркәсіптік саясат ел экономикасын сапалы трансформациялауға бағытталған жүйелі қадамдардың бірі ретінде іске асырылып келеді. Бұл...