
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Инклюзивті спорт орталығының қызметімен танысты. Бұл – мүгедектігі бар азаматтарға арналған спорттық, медициналық және оңалту қызметтерін біріктірген еліміздегі алғашқы кешен. Сондай-ақ, Тоқаев заманауи білім орталығына да ат басын тіреді. Шаһардың бірнеше нысанын аралап шыққан Президент Астананы дамыту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Жалпы Тоқаев елорданың экономикалық даму барысына оң баға берді
— Соңғы 11 айда қысқа мерзімге арналған экономикалық индикатор 118,6 пайыз жетті. Инвестиция, құрылыс және орта бизнес саласында көрсеткішіер бойынша Астана алдыңғы орында тұр. Енді елорданың көш басында болуы заңдылық-дедімемлекет басшысы.

Кеңесте елорданың инженерлік инфрақұрылымына түсіп отырған жүктеме туралы айтылды. Президент ауыз су мәселесін ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатысты деп атап, жаңа су станциялары мен тазарту нысандарын уақтылы іске қосуды тапсырды.Сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу мәселесіне де тоқталды. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында тәулігіне 1,5 мың тоннаға дейін қоқыс өңдейтін жобалар жоспарланған. Ел бойынша 40-тан астам жоба жүзеге асырылуы тиіс. Мемлекет басшысы Oxford Economics рейтингінде Астананың Азияда 36-орын алғанын атап өтті. Осы орайда, Президент елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің жұмысы көңілінен шыққанын айтты.
— Айта кету керек, әкім Жеңіс Қасымбекен менің не қалайтынымды, не талап ететінімді нақты түсінген адамды таптым. Бұған дейін бұл туралы айтқым келмейтін, бірақ түсіністік болмады-деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев жауапкершіліктен қашатын министрлердің әрекетін сынға алды.
— Бізде кейбір министрлер құжаттарға қол қоюдан бас тартады, ауырып қалады, іссапарға кетеді және түрлі сылтауларды алға тартады. Соның салдарынан өз орынбасарларын қиын жағдайда қалдырады. Мұндай жағдайда біз қалай дамимыз? Егер құқық қорғау органдары тарапынан қудалаудан қауіптенсеңіздер, онда оны ашық айту керек: кімнен және неден қауіптеніп отырғандарыңызды нақтылаңыздар. Үкіметтің қызметіне кедергі келтіріп отырғаны үшін құқық қорғау органдарының жұмысына түзету енгіземіз. Ал Үкімет қызметіне кедергі жасау — мемлекеттік маңызы бар қылмыс-деді.
Сондай-ақ Президент министрліктердің қызметіне құқық қорғау органдарының негізсіз араласуына жол берілмейтінін атап өтті.

