Референдумға қанша қаржы жұмсалады?

Референдумға қанша қаржы жұмсалады?


15 наурызда елде республикалық референдум өтеді. Күні кеше Конституцияның жаңа жобасын жазып шыққан комиссия Президент Қасым-Жомарт Тоқавтың қабылдауында болды. Ата заңның жаңа жобасымен танысқан Тоқаев енді оны қабылдау үшін референдум өтетін күні жариялап, жарлық шығарды. Президент Жарлығына сәйкес, референдумға «2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба?» деген сауал шығарылады. Дайындық жұмысын және референдумды Орталық сайлау комиссиясы өткізеді. Ал қазақсандықтардың таңдауына түсіп жатқан Ата заңның жаңа жобасын қабылдау үшін өтетін республкиалық рефрендумға қазынадан қанша қаржы бөлінеді? Сенатта өткен брифингте Қаржы вице-министрі ОСК өтінімін күтіп отырғандарын айтты.

— Тиісті бюджеттік сұрау әлі қаржы министрлігіне түскен жоқ. Біз ОСК хабарластық, олар бүгін түстен кейін немесе ертең түске дейін сұранымды жіберетін болады. Әзірге ол сұрау түскен жоқ. Референдумға қаражатты үкіметтің резервінен аламыз.

Ал 2022 жылдың 5 маусымында өткен Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесі дауысқа салынған республикалық референдумға 15 млрд теңге жұмсалғанын айтты Темірбеков.

Еще больше интересного

Матарам, 26 ақпан 2026 жыл

Ломбок-Утара полиция бөлімшесі (Polres Lombok Utara) екі адамды өлтіру ісі бойынша Интерполдың Red Notice тізіміне енгізілген, Қазақстан...

Ішімдіктен бас тартқан ауылдарында мас күйде жүргендер тіркелген

Қостанай облысында алкогольден ресми түрде бас тартқан бірқатар елді мекендерде 2025 жылы мас күйге байланысты оқиғалар бәрібір...

Қазақстанда ең жоғары зейнетақы мөлшері белгілі болды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2026 жылғы қаңтар айындағы жағдай бойынша ай сайынғы төлемдер көлемін жариялады. Tengrinews.kz сауалына...