Саяси аренаға жаңа партия шықты: Астанада «Әділет» партиясының құрылтай съезі өтті

Астанада еліміздің барлық өңірінен келген мыңға жуық делегаттың қатысуымен жаңа «Әділет» саяси партиясының құрылтай съезі өтті.

Съезд барысында қатысушылар партияның жарғысын, бағдарламасын және жетекші органдарын бекітуді жоспарлап отыр. Бұл — партия қызметінің ресми басталуындағы маңызды кезең.

«Әділет» партиясының идеологиясы әділдік, патриотизм, жауапкершілік, еңбек және даму қағидаттарына негізделген. Партия өкілдерінің айтуынша, әділетті мемлекеттің басты іргетасы — «Заң мен Тәртіп» қағидаты болуы тиіс.

Саяси ұйым мамандыққа қарамастан еңбекақының әділ төленуіне қол жеткізуді көздейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ Қазақстанның технологиялық және зияткерлік тәуелсіздігін дамыту қажеттігін алға тартады.

Бағдарламада денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және креативті индустрия салаларына ерекше назар аударылған. Партия ұстанымында басты көрсеткіш есеп емес, адам денсаулығы болуы керек екені айтылған.

Сонымен қатар партия өңірлердің теңгерімді дамуын қолдап, сайлаушылар алдында тұрақты түрде жария есеп беру арқылы саяси жауапкершілікті күшейтуді ұсынады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, партия тіркеу үшін қажетті межеден өткен — қазіргі таңда оның құрамында 9800-ден астам адам бар.

Жаңа саяси күштің құрылуы Қазақстандағы партиялық жүйенің трансформациясы мен саяси бәсекелестікті кеңейту бағыты аясында жүзеге асып отыр.

Еще больше интересного

Жетісуда төртем дүниеге келді

https://www.tiktok.com/@pikirmedia.kz/video/7706747137240993044?is_from_webapp=1&sender_device=pc&web_id=7589234703795848716 31 жастағы Альмира Бекеева 24 қыркүйекте төртемді дүниеге әкелді. Төртеуі де ұл. Сәбилердің есімдері – Арлан, Арсылан,...

ТОҚАЕВ ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ! «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ЕЛДІҢ...

https://youtu.be/H946RKhmi9Y Мемлекет басшысы «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X құрылтайында кейбір сөздер мен терминдердің әртүрлі жазылуы түсінбеушілік тудыратынын айтты....

БЕЙБІТШІЛІКТІ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БАСТАМАЛАР

Халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарудан бас тарту, экологиялық тұрақтылық пен мемлекеттер арасында ынтымақтастықты нағайту – Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыттарының...