Тұрғын үй бағасы өсе ме?

Тұрғын үй бағасы өсе ме?

Қазақстанда баспана бағасы жақын уақытта арзандай қоймайды,- деді «Отбасы банкі» басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова Үкіметте өткен брифингте. Оның айтуынша, тұрғын үйге сұраныстың жоғары болуы – демографиялық өсіммен тікелей байланысты. 2000 жылдары туған буын қазір белсенді түрде баспана сатып алып жатыр. Мысалы, 2000 жылы Қазақстанда 222 мың бала дүниеге келсе, 2007 жылы бұл көрсеткіш 322 мыңға жеткен. Сонымен қатар жыл сайын 120–130 мың отбасының құрылуы да тұрғын үйге деген сұранысты арттырып отыр. Дегенмен, қолжетімді баспанамен қамту үшін әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар бар деп жұбатады шенеуніктер. 10 наурыздан бастау алған «Наурыз ипотекалық бағдарламасы» бойынша өтінім қабылдау басталды. Бағдарлама аясында бастапқы жарна 20%, ал несиенің ең жоғары сомасы – 36 млн теңге.
Ибрагимованың айтуынша, «Наурыз» бағдарламасымен 2025 жылы 8600 адам, осы жылдың қаңтар, ақпан айларында 1 мың адам баспаналы болды. Бүгін сағат 9 00 ден Baspana Мarket порталы ашылды. Өтініштер тапсырып жатыр.Тағы 9 мың отбасы осы 2026 жылы баспаналы болады деп сенеміз.

Ал әйелдерге арналған «Ұмай ипотекалық бағдарламасы» биыл шілде-тамыз айларында іске қосылуы мүмкін. Бағдарлама Азия даму банкі-мен бірлесіп жүзеге аспақ. Жоспарланған қаржы көлемі – 90 млрд теңге.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, соңғы жылдары елде тұрғын үй құрылысы қарқын алған. Былтыр шамамен 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, рекордтық көрсеткіш тіркелді. Биыл шамамен 18,5 млн шаршы метр үй салу жоспарланған.

Еще больше интересного

Энергетика нақты уақыт режимінде: мұнай мен генерация бірыңғай цифрлық...

Қазақстанда энергетика саласын толық цифрландыруға бағытталған ауқымды жоба іске қосылды. Digital Qazaqstan ұлттық стратегиясы аясында Қазақстан Республикасы...

Алматыда Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық спорт фестивалі өтті

Алматы қаласының Алмалы ауданында Наурызнама онкүндігі аясында «СПОРТ – ДОСТЫҚ АЛАҢЫ» атты ұлттық спорт фестивалі ұйымдастырылды. Мерекелік...

Жер қойнауын пайдалану саласында жергілікті қамту өсіп келеді

ҚР жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі 65%-ға жетті, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.Бүгінгі...