Тарихи сәт. Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы ресми түрде басталды. Алматы облысының Жамбыл ауданының Үлкен ауылында атом электр станциясын салудың алғашқы жұмыстары бастау алды. ЕндіҚазақстанда өз ядролық жанар-жағар майы шығарылады. Атом энергиясы агенттігінің хабарлауынша, қазір мамандар инженерлік ізденістер жүргізіп жатыр. Тереңдігі 120 метрге дейінгі ұңғымалар бұрғыланып, топырақ үлгілері алынады. Жалпы 50-ден кем емес ұңғыма бұрғыланады деп жоспарланған. Үлкен ауылындағы салтанатты шараға Қазақстан Атом энергиясы агенттігінің және «Росатом» басшылығы қатысты.Өздеріңізге мәлім,еліміздегі алғашқы АЭС салу көрші Ресейге бұйырды. Жоба өңірге жаңа жұмыс орындарын, әлеуметтік нысандарды және заманауи инфрақұрылымды әкеледі деген үміт бар. Ядролық станцияның құны 14-15млрд долларды құрайды
Снх. АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ – ҚР АТОМ ЭНЕРГИЯ АГЕНТТІІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Болашақ станция реакторларының қызмет ету мерзімі – 60 жыл, қосымша 20 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік бар дейді мамандар. Мұндай қондырғылар қазір Ресей, Түркия, Қытай және өзге де елдерде кеңінен қолданылады екен.Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы 2035–2036 жылдар аяқталады жоспарланып отыр. Ал біздің елдегі екінші АЭС Қытай компаниясы салатынын еске салғымыз келеді.
Тағы оқыңыз...
Астанада көктемгі тазалық жұмысы жүріп жатыр
Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық тазалау жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы...
Жаңа өнеркәсіптік саясат: Экономиканы әртараптандырудың жаңа кезеңі
Қазақстанда жаңа өнеркәсіптік саясат ел экономикасын сапалы трансформациялауға бағытталған жүйелі қадамдардың бірі ретінде іске асырылып келеді. Бұл...
Шымкентте Қазақстанның цифрлық экономикасының болашағы талқылануда
Бүгін Шымкентте ел экономикасын практикалық цифрлық және AI-трансформациялаудың жаңа ұлттық платформасына айналған Digital Qazaqstan 2026 халықаралық цифрлық...

