Жамбылда қант қызылшасы мен пияз мәселесі ушығып тұр.

Жамбылда қант қызылшасы мен пияз мәселесі ушығып тұр.

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов Жамбыл облысында қант қызылшасы мен пияз өндіру және өткізу мәселесіне байланысты Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады.

Депутаттың айтуынша, Жамбыл облысы елдегі қант қызылшасының шамамен 50%-ын, ал пияздың үштен екі бөлігін өндіреді. Алайда өңдеу қуаты мен өткізу нарықтарының жеткіліксіздігі фермерлерді тығырыққа тіреп отыр.

2024 жылы өңірде 600 мың тоннадан астам қант қызылшасы жиналғанымен, Меркі қант зауытының қуаты жеткіліксіз болғандықтан өнімнің бір бөлігі уақытында қабылданбаған. Соның салдарынан қызылша алқаптарда жатып, 20–30% дейін салмақ жоғалтқан. Нәтижесінде 2025 жылы егіс көлемі екі есеге қысқарды.

Сонымен қатар Тараздағы «Доминант» қант зауытының құрылысы баяу жүріп жатыр. Қытайлық инвесторлармен жоспарланған жаңа қант зауытының құрылысы да әлі басталмаған.

Пияз өндірісінде де жағдай күрделі. Жамбыл облысы елдегі пияздың 70%-ын өндіргенімен, ішкі нарықта сұраныс аз. Соның салдарынан 2024 жылы пияз бағасы 15–20 теңгеге дейін төмендеп, 140 мың тонна өнім өтпей қалған. Биыл да фермерлер пиязды 30 теңгеден сата алмай отыр.

Мәжілісмен фермерлердің субсидия мен төлемдерді кеш алатынын да көтерді. Бұл шаруалардың айналым қаражатына кері әсер етіп, келесі маусымға дайындықты қиындатып отыр.

Осыған байланысты депутаттар Үкіметке өңдеу зауыттарын салу, қойма инфрақұрылымын дамыту, инвестор тарту, логистиканы жақсарту және фермерлермен ұзақ мерзімді келісімшарттарды енгізу бойынша нақты шаралар қабылдауды сұрады.

Еще больше интересного

Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Ташкенттегі педагогикалық шеберлік институтының жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Өзбекстанға жұмыс сапары аясында Ташкент қаласындағы Ұлттық педагогикалық шеберлік институтының қызметімен...

Шектеулер алынғаннан кейін Иран мұнайының Ормуз бұғазы арқылы экспорты...

Жеткізілімдерге қойылған шектеулер алынғаннан кейін Иран Ормуз бұғазы арқылы шикі мұнай экспортын айтарлықтай ұлғайтты. Шетелдік БАҚ мәліметінше,...

Әл-Фарабидегі жол апатында қаза тапқан қыздың әкесі сотталушыдан 100...

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша сот отырысында жәбірленуші тараптың өкілі қаза тапқан...