ЖАСТАР САЯСАТЫ: ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАЛАР

ЖАСТАР САЯСАТЫ: ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАЛАР

Жастар саясаты дамудың қай кезеңінде де күн тәртібінен түскен емес. Өйткені жас буынның терең білім алуына мүмкіндік жасау, әлеуетін арттыруға бағдарламалар даярлау бұл – болашаққа салынған инвистиция. Сол үшін де, болашағынан зор үміт күттірер буынды заманауи даму үдерісі жолында қолдау тұрақты дамудың негізі саналады. Мемлекет өз кезегінде сапалы білім берумен қатар, әлеуетін жақсартуға бағытталған табыс мөлшерін арттыру, ұзақ мерзімді аз пайыздық несие алып кәсіп бастауға мүмкіндік беру, қаржылық және құқықтық сауатын арттыру тетіктерін үйлестіріп келеді. Студенттердің қоғамдық көліктегі жол ақысын жеңілдетілген тарифпен төлеуден бастап, жас мамандарды жұмысқа орналастыру бағдарламалары, ауыл жастарына берілетін квоталық жеңілдіктердің кезең-кезеңімен іске асуы жастар үшін үлкен мүмкіндік.

Үлкен өмірге қадам басқан жас отбасылар үшін жеке пәтерге қол жеткізу теңдессіз бақытпен пара-пар. Осы ретте жас мамандарды, жас отбасыларды қолдауға бағытталған жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар жөнінде «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жансұлтан Матайдан сұрап білдік.

Жансұлтан Матай:

— Отбасы банк соңғы сегіз жылдың ішінде барлық жергілікті әкімдіктермен бірге жас мамандарды қолдау бойынша өңірлік бағдарламаларды жүзеге асырып келе жатыр. Бүгінгі таңда барлық облыс орталықтары атсалысуда. Шамамен сегіз жылдың ішінде он екі мың жас отбасы осы бағдарлама арқылы үйлі болды. Бұл бағдарламаның басты айырмашылығы қажетті қаржыландыруды әр облыстық әкімдік өздері отбасымен келісіп бөлді. Бұл жағдайда әкімдіктің басты мақсаты – жас мамандарды, өңірде тапшы мамандарды қолдау. Көпшілік жағдайда ол өздеріңізге белгілі мұғалімдер, дәрігерлер, полиция қызметкерлері, төтенше жағдай қызметкерлері сынды мамандарды қалыптастыру үшін қолдап отыр. Одан басқа жастарымыз «Наурыз» бағдарламасына да қатыса алады. Бағдарлама толық жұмыс істеп жатыр. Аталған бағдарлама аясында да баспаналы болған жастарымыз көп.

Жансұлтан Матай сұхбат барысында сүйінші жаңалығымен бөлісіп, жастарды мүмкіндігін жіберіп алмауға шақырды:

— 2026 жылға арналған «Наурыз» бағдарламасы 10 наурыздан бастау алып, өтінім қабылдануда. 31 наурызға дейін өтінім беріп, биылғы жылы үйлі болуға мүмкіндіктеріңіз бар. Бүгінгі таңда қуана айта аламыз «Отбасы» банк арқылы 18-35 жас аралығындағы 1,5 млн салымшы үйлі болуға ниетті. Өңірлік бағдарламалар іске қосылған 8 жылдың ішінде 130 мыңнан аса жас отбасы үйлі болды.

— Жастарға арналған жеңілдетілген бағдарламаның шартына тоқталсаңыз?

— Ол жерде пайыздық мөлшер — 5%, алғашқы жарна – 10%. Орташа несиенің сомасы – 18,8 млн.

— Бағдарламаның  үймен қамту көрсеткіші қандай?

— Бұл бағдарламалардың көлемі тікелей қаржыландыруға байланысты. Әр өңірдің мүмкіндігі әр түрлі. Жастарды қолдауға ерекше көңіл бөліп отырған Алматы қаласы әкімдігін ерекше атап өткім келеді(83 млрд шамасында). Сонымен қатар, Шымкент, Астана қалалары да жастарды қолдауға ерекше ықылас танытып отыр. Барлық облыс орталықтары мүмкіндіктеріне қарай бағдарламаға қаржы бөлуде.

Басқарма Төрағасының орынбасары Жансұлтан Матай сөз соңында жастарды қаржылай сауатты болуға, мемлекет тарапынан берілген мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырды. 

Еще больше интересного

Олимпиада жүлдегері Ислам Байрамуков референдумға қатысты

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №491 сайлау учаскесіне танымал спортшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков келіп, дауыс...

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазан есімді ұл...

Маңғыстау облысында республикалық референдум өткен күні көпбалалы отбасылардың бірінде ұл бала дүниеге келіп, оған Атазан есімі берілді. Нәресте...

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМНЫҢ ТАҢДАУЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАЗУШЫЛАР МЕН АКТЕРЛЕР ЕЛ...

Қазақстан өңірлерінде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумда дауыс беру жалғасып жатыр. Белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері...