Жұманғарин халық табысын арттырудың басты жолын атады

Вице-премьер,Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттырудың басты жолы — тұрақты әрі жоғары жалақы төленетін жұмыс орындарын құру екенін айтты.

Оның сөзінше, үкімет 2029 жылға дейін халық табысын арттыруға арналған кешенді бағдарламаны әзірлеп жатыр. Бағдарламаның таныстырылымы мамыр айында өтеді деп күтілуде.

«Адамдарға тұрақты, жақсы жалақысы бар жұмыс керек. Ал ондай жұмыс орындарын ашу үшін экономиканың нақты секторын дамыту қажет», — деді Жұманғарин.

Министр әлеуметтік және зейнетақы төлемдері экономиканың жағдайына тікелей байланысты екенін атап өтті. Сондықтан билік өндіріс пен өнеркәсіпті дамытуға басымдық беріп отыр.

Сондай-ақ Жұманғарин салық реформасының арқасында бюджетке түсуі жоспарланған 2 трлн теңгенің:

– 1 трлн теңгесі ірі кәсіпорындарды іске қосу үшін «Бәйтерекке» бағытталатынын;
– қалған қаражат ауылдық аумақтарды дамытуға жұмсалатынын айтты.

Вице-премьердің айтуынша, биыл ауыл тұрғындарының табысы өсе бастаған.

Еще больше интересного

Блогер Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды

Енді өзбекстандық блогерге іздеу жарияланды. Қазақстанда заңсыз онлайн-казиноларды жарнамалауға қатысы бар деген күдікпен Өзбекстан азаматы Махмуд Хикматов...

Абай күні

10 тамыз Ұлы Абайдың туған күні. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады.Президент құттықтауында...

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және...

Бұл туралы партия төрағасы Айбек Дәдебай Шымкент қаласында өткен «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының «Заң және тәртіп»...