Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды

ҚР Энергетика министрлігі Теңіз кен орнында өндірістік операциялардың қайта басталғанын хабарлайды.

Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, бүгін сағат 03:35-те алғашқы ұңғыма сәтті іске қосылды. Технологиялық қондырғылар іске қосылып, штаттық режимде жұмыс істеуде.

Қазіргі уақытта 5 ұңғыма пайдалануға берілді. «Теңізшевройл» компаниясының техникалық қызметтері келесі топтық өлшеу қондырғысын іске қосуға дайындық жұмыстарын жүргізуде. Мұнай өндіру көлемін арттыру жүйе параметрлері тұрақтандырылып, өндірістік процестердің толық қауіпсіздігі қамтамасыз етілуіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Бұған дейін, 26 қаңтарда, Екінші буын зауыты сәтті іске қосылған болатын. Оның жұмысы қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған Королев кен орнынан жеткізілетін шикізатпен қамтамасыз етілуде.

ҚР Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жобаның жоспарлы қуаттылыққа қысқа мерзімде шығуын қамтамасыз ету мақсатында операторға жан-жақты қолдау көрсетуде.
Қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіру үшін өндірістік нысандарда тікелей Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев жұмыс жүргізуде. Жағдай тұрақты бақылауда, басты басымдық – өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қатаң талаптарын сақтау.

Еще больше интересного

Теміржолшылар күні: сала қызметкерлері құрметке ие болды

Қазақстанда Теміржол көлігі қызметкерлері күніне орай Көлік министрлігінде салтанатты іс-шара өтті. Жиынға сала ардагерлері, теміржолшылар, еңбек әулеттерінің...

Қазақстандықтардың қоғамдық кеңестерге жолдаған өтініштерінің 60%-дан астамы оң шешімін...

Қазақстанда қоғамдық кеңестер институтының тиімділігі артып келеді. Биылғы алғашқы жартыжылдықта азаматтардан түскен 900-ден астам өтініш қаралып, олардың...

Сыйластық, тазалық және Заң – қазақ қоғамына жаңа құндылықтар...

ҚР Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин әлеуметтік желіде бейәдеп сөздері мен әрекеттері үшін жауапқа тартылған...