СҚО-да жаңа Конституция жобасы талқыланды

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барып, өңір жұртшылығымен және кәсіпорын еңбек ұжымдарымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады.

«Жаңа Конституция – ұзақмерзімді дамудың берік негізі» тақырыбындағы диалогқа мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктер өкілдері, жастар және жергілікті кәсіпорын қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында конституциялық нормаларды іске асыру тетіктері, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен реформаларды жүзеге асыру мәселелері сөз болды.

Сенат Төрағасының айтуынша, жаңа Конституция жобасы қазіргі заманның сын-қатерлеріне жауап беріп, саяси жүйені жаңғыртуға және мемлекеттің тұрақты дамуына негіз болады. Құжатта Парламенттің рөлін күшейту, саяси партиялардың ықпалын арттыру, мәслихаттарды нығайту және орталық пен өңірлер арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қалыптастыру көзделген.

Сапар аясында Мәулен Әшімбаев өңір жастары және бірқатар кәсіпорын ұжымдарымен кездесіп, білім, ғылым және инновацияны дамыту арқылы жастарға жаңа мүмкіндіктер ашылатынын атап өтті. Сонымен қатар делегация «ЗИКСТО» зауыты мен «Рим-ҚазАгро» фабрикасының жұмысымен, сондай-ақ Петропавлдағы әлеуметтік нысандардың қызметімен танысты.

Еще больше интересного

Куәгер: Боқаевтың жиені дайын келісімшарттар әкелетін

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында «ҚазТрансГаз» басшысының бұрынғы кеңесшісі әрі «Нұр Отанның» бұрынғы идеологы Санжар Боқаевқа қатысты...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ұлттық мереке – Республика күнімен...

Мемлекет басшысы Қазақстанның егемендік жылдарында жеткен жетістіктерін атап өтіп, елдің Тәуелсіздіктің 35 жылдығына экономикасы қуатты, халықаралық беделі...

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған

Елордада жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі тергеуден өтті. Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ құрамында Арнайы...