Діни материалдарды заңсыз тарату: Дарын Мубаров екінші рет жауапқа тартылды

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы діни материалдарды заңсыз таратқаны үшін«уағызшы» Дарын Мубаровты осымен екінші рет жауапқа тартты.
Айта кету керек, бұған дейін, 2025 жылдың қазанында ол осы әрекеті үшін жауапқа тартылған болатын. Осылайша, азамат бір жыл ішінде заң талаптарын елемей, қайта жауапты болып отыр.
Осы дерек бойынша ДІБ қызметкерлері ҚазақстанРеспубликасының Әкімшілік құқық бұзушылықтуралы Кодексінің 490-бабы 8-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасады. Осы баптың 1-бөлігінің 3-і тармақшасында көзделген құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанды.
Сот шешімі бойынша Д.Мубаров әкімшілік құқық бұзушылықты қайта жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Оған 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды, бұл бүгінгі күні 865 000 теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтаудың маңыздылығын және діни мазмұндағы материалдарды таратудың белгіленген тәртібін бұзуғажол бермеуді еске саламыз.

Еще больше интересного

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...

Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті құрылды

Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті алғашқы отырысын өткізді. Жиынға Комитет төрағасы Вера Ким жетекшілік етті. Отырыста...