Атом энергиясы агенттігі ашықтық қағидатын ұстанады

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігі барынша ашықтық қағидатын ұстанады. АЭС құрылысы мәселелері бойынша ынтымақтастықтың негізгі шарттары ашық дереккөздерде қолжетімді болады.
Алайда, жобаның технологиялық ерекшеліктері мен ауқымын, сондай-ақ АЭС салу бойынша халықаралық тәжірибені ескере отырып, жекелеген мәселелер құпиялылық туралы келісімдермен реттеледі, соған сәйкес кейбір ақпараттың таралуы шектеледі,-деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметі.
Ал бұған дейін энергетика вице-министрі “Қазақстанда атом электр станциясының (АЭС) құрылысына кететін шығынды құпиялау мүмкіндігі қарастырылып жатыр”,- деген еді. Вице-министр Сұңғат Есімхановтың айтуынша, елдегі энергетикалық жобалар бойынша ақпарат, әдетте, ашық — тендерлер мен аукциондар жария түрде, бақылаушылардың қатысуымен өтеді. Алайда АЭС жағдайы бұл тұрғыда ерекшелік болуы мүмкін.

«АЭС бойынша мұндай ықтималдық бар. Бұл — ірі жоба, және, бәлкім, үкіметаралық келісім болады», — деді ол.

Еще больше интересного

Қазақстанда үй жануарларына қойылатын ең танымал аттар белгілі болды

Қазақстанда үй жануарларын тіркеуге арналған TAÑBA бірыңғай ақпараттық жүйесінде 400 мыңға жуық ит пен мысық және басқа...

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының үндеуі

Құрметті қазақстандықтар! «Тыныштық күні» және дауыс беру күні ақпараттық кеңістікте түрлі жалған ақпарат, манипуляциялық және арандатушылық сипаттағы жарияланымдар...

Арқалыққа ұшақ қайта қонды: 30 жылдан кейін әуе қатынасы...

Арқалық қаласының әуежайы 30 жылдық үзілістен кейін қайта жұмысын бастады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР Көлік министрлігі...