БҰҰДБ Қазақстандағы білім беру жобаларына қатысуға дайын

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар білім беру, балалар мен жастарды қолдау салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады.

БҰҰДБ мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді қолдау шараларының тиімділігін бағалау бойынша талдамалық жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр. Оның ішінде ваучерлік қаржыландыру тетіктерін талдау мәселелері де қамтылады.

Ықтимал ынтымақтастық бағыттарының бірі ретінде жастарға кәсіби бағдар беру және білім алмайтын әрі жұмыспен қамтылмаған жастарды, соның ішінде колледж студенттерін қолдау мәселелері қарастырылуда.

Бастамалар аясында мансап орталықтарын дамыту, сондай-ақ оқушылар мен студенттердің жеке мансаптық траекторияларын қалыптастыру мен қолдау тетіктерін жетілдіру ұсынылды.

Тараптар жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың, буллингтің және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған цифрлық шешімдерді де талқылады. Бұл бағыттағы жұмыстың білім беру жүйесі, ішкі істер органдары, әлеуметтік қорғау саласы және өзге де мүдделі мемлекеттік органдар арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап ететіні атап өтілді.

Балалар мен отбасыларға қатысты тәуекелдерді ерте анықтау және оларға уақтылы қолдау көрсету мәселелерінде мектеп психологтерінің, сынып жетекшілерінің және білім беру ұйымдары әкімшілігінің рөліне ерекше назар аударылды. БҰҰДБ аталған бастамаларды іске асыруға қатысуға дайын екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделі екенін атап өтті.

Еще больше интересного

Екі партия қажетті 5 пайыздық межені еңсере алмады.

«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауында 71.80% дауыс жинап, көштің басында тұр. “Ауыл” партиясы 6,4, % Respublica партиясы 5,40%,...

Бағдат Мусин Құрылтай сайлауында дауыс берді

“Қазақтелеком” АҚ басшысы Бағдат Мусин бүгін Құрылтай сайлауында дауыс берді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында технология мен цифрландыру саласындағы...

Астана мен Қосшыда дауыс беру процесі қалай өтуде? Халықаралық...

Қазақстанда елдің саяси өміріндегі маңызды оқиға – Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз...