Блогер Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды

Фото: kazinform

Енді өзбекстандық блогерге іздеу жарияланды. Қазақстанда заңсыз онлайн-казиноларды жарнамалауға қатысы бар деген күдікпен Өзбекстан азаматы Махмуд Хикматов халықаралық іздеуде. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Махмуд Хикматов әлеуметтік желіде «Маха.dxb» атымен танымал болған.Тергеу нұсқасына сәйкес, ол «SultanGames», «PINCO», «Nomadcasino», «Pin-Up», «Vavada» сынды заңсыз интернет-казиноларды жарнамалау үшін Қазақстандағы блогерлерді тартқан.Хикматовқа 35-тен астам инфлюенсермен жұмыс істеген деген күдік бар. Олардың арасында жақында Вьетнамнан экстрадицияланған Қайсар Қамза да болған. Ол әлеуметтік желілерде интернет-казиноларға апаратын сілтемелерді жариялап, сыйақы алып отырған.Сот Махмуд Хикматовты қамауға алуға санкция берді. Қазір ол халықаралық іздеуде. Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжанның хабарлауынша, Қазақстан аумағында интернет-казинолардың заңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасайтын тұрақты жүйе құрылған. Осы жүйе арқылы интернет-казино интерфейсі ұсынылып, ақша қабылдау және төлеу жолға қойылған. Ол үшін эквайринг, мобильді төлемдер мен криптовалюта пайдаланылған. Сондай-ақ ел азаматтарын құмар ойындарға көптеп тарту мақсатында жарнама таратылған.Интернет-казиноларды жарнамалау үшін ұйымдастырушылар блогер М. У. Хикматовты тартқан. Оған Қазақстанда жұмыс істейтін инфлюенсерлерді тауып, солар арқылы жарнамалық материалдар жариялату міндеті жүктелген.

Еще больше интересного

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тарихындағы рөліне тоқталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан азаматтардың...

Қазақстан армиясы реформаланады: әскерге шақырылушылар алты ай оқып, алты...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, әскери реформа жоспарын қарады. Мемлекет басшысы заманауи, ұтқыр әрі технологиялық...

Астанада есірткі қосылған 238 печенье тәркіленді

Астанада интернет-дүкен арқылы есірткі сатты деген күдікпен 30 жастан асқан бес ер адам ұсталды. Тінту кезінде олардан...