5 млрд доллардың бизнес — келісімі

Қазақстан мен БАӘ арасында 5 млрд доллардың келісіміне қол қойылады. Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаянмен кездесті.
Бұл стратегиялық салалардағы одан ары ынтымақтастығымыз үшін жаңа серпін беру тұрғысында аса маңызды кездесу болып табылады деді қазақ басшысы. Тақ мұрагерінің осы сапары аясында, 5 млрд долларды құрайтын 20-дан астам келісімге қол қою көзделіп отырғаны айтылды. Оның ішінде экономиканы дамытуға бағытталған түрлі жобалар бар.
Мемлекет басшысы БАӘ Қазақстандағы ең үздік 10 шетелдік инвесторлардың қатарына кіретінін атап өтті. Өткен жылы БАӘ-дан Қазақстанға келген шетелдік инвестиция көлемі 100 пайызға артқан.

Тағы оқыңыз...

Ясминаның алтыны жарамсыз деп танылды

Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы алтыны аяқ киімге байланысты жойылды. Қазақстандық 21 жастағы спортшы Ясмина Тоқсанбаева марафондық спорттық жүрістен...

Тоқаев Қорғаныс министріне әскери қызмет қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады. Кездесуде еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту және Қарулы Күштердің...

ФЕЙК: Ескі видео Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға телінді

Әлеуметтік желіде әскери қызметшілердің қазасына қатысты тағы бір манипуляциялық видео тарады. Кадрда қайтыс болған адамның «денесін» көлікпен...