Қазақстан Парсы шығанағы елдерінің нарығына шығады

БАӘ-нің тақ мұрагерінің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев және Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Парсы шығанағындағы елдерде, соның ішінде БАӘ, Сауд Арабиясы және Катарда жетекші ритейлерлердің бірі болып саналатын LuLu компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Юсуф Әли Мусалиам Виттил Абдул Кадермен кездесті деп,хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.

Әлем бойынша 280-нен астам гипермаркеттер желісін басқаратын LuLu компаниясы қазақстандық өндірушілермен бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты. Келіссөздер барысында Қазақстаннан сиыр еті, қой еті, құс еті, жұмыртқа, сүт өнімдері және астық сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ауқымын экспорттау, сонымен қатар жемістерді өңдеу мен ет өнімдерін өндіру перспективалары талқыланды.

Қазақстан тарапынан LuLu компаниясына Қазақстан аумағында өз логистикалық орталығын, сондай-ақ өнімді сұрыптап, қаптап, экспорттық партиялар дайындайтын орталық ашу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Мұндай хаб компанияға өнімді тиімді түрде жинап, Парсы шығанағы елдеріне және басқа шетелдік нарықтарға жөнелтуге мүмкіндік береді.

Министрлер бұл жобаны іске қосуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендерін атап өтті, оның ішінде тиісті инфрақұрылымды, логистиканы таңдауға және мемлекеттік органдар тарапынан тиісті көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Тағы оқыңыз...

Сыйластық, тазалық және Заң – қазақ қоғамына жаңа құндылықтар...

ҚР Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин әлеуметтік желіде бейәдеп сөздері мен әрекеттері үшін жауапқа тартылған...

«Қазақстанның болашағы – адам капиталы»: Ұлттық теледебат қорытындыланды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асып жатыр. Сол өзгерістердің, Конституциялық жаңарулар аясында...

Ұлттық теледебат: Партиялар өз бағдарламаларын таныстырды

Qazaqstan Ұлттық телеарнасында тікелей эфирде өтіп жатқан теледебаттың алғашқы кезеңінде Құрылтайына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері өздерінің...