ЖИ еңбек нарығын өзгертеді: Қазақстанда қандай мамандықтар жойылуы мүмкін?

Жасанды интеллект пен технологияның қарқынды дамуы Қазақстандағы еңбек нарығын түбегейлі өзгертуі мүмкін. Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев автоматтандыру салдарынан ең көп тәуекелге ұшырайтын мамандықтарды атады.

Министрдің айтуынша, мәтін мен ақпаратты өңдеуге байланысты қайталанатын жұмыстар біртіндеп жойылуы мүмкін.

«Кейбір мамандықтар жойылады. Олар – мәтінді өңдеушілер мен терімшілер, деректерді енгізу қызметкерлері, корректорлар. Көптеген мамандықтар трансформацияланады. Қызметтің мүлде жаңа бағыттары пайда болады», – деді Асқарбек Ертаев.

Бұған дейін министрлік автоматтандыру қаупі жоғары мамандықтардың қатарына хатшыларды, көмекшілерді, операторларды, іс жүргізушілерді және қарапайым бухгалтерлерді де енгізген.

Дегенмен Қазақстан экономикасына мамандарға деген сұраныс әлі де жоғары. 2035 жылға дейін елге 2,9 млн жұмысшы қажет болады деп болжанып отыр. Оның ішінде 1,8 миллионы – жұмысшы мамандықтардың өкілдері.

Ең жоғары сұраныс өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және IT салаларында болады деп күтілуде.

Осыған байланысты Еңбек министрлігі сұранысқа ие мамандықтар тізімін 51-ден 174 бағытқа дейін кеңейтті. Олардың қатарында инженерия, биотехнология, сондай-ақ жасыл және атом энергетикасы салалары бар.

Яғни жасанды интеллект жұмыс орындарын ғана қысқартпайды – еңбек нарығында мүлде жаңа мамандықтарға жол ашады.

Еще больше интересного

Бектенов колледждерді жаңартуды талап етті

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында маман даярлау жүйесінің қазіргі экономика талаптарына сай еместігін айтып, колледждерді түбегейлі жаңғыртуды...

Түнгі ата-ана чаттарына нүкте қойыла ма?

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің жұмыс уақытынан кейінгі жеке уақытына құрметпен қарау қажеттігін айтты. Министрдің сөзінше, мұғалімдер алты...

«Жұмыс жоқ» деген сөз болмауы керек: Бектенов еңбек нарығындағы...

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаевпен елдегі жұмыспен қамту және...