
Бұған дейін олардың Кенесары хан туралы жағымсыз пікірі айтылған видеосы әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің ашуын тудырған еді.
Осы жағдай бойынша Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ресми түсініктеме жасады.
Университет мәліметінше, видеодағы екі қыз бұған дейін Қ. Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университетімен академиялық алмасу бағдарламасы аясында ЕҰУ-де уақытша білім алған. Олар 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрінде оқып, кейін Қазақстаннан кеткен.
Оқиғадан кейін Бішкек мемлекеттік университеті ЕҰУ-ге ресми хат жолдап, студенттердің айтқаны жеке пікірі екені, бұл сөздер БМУ-дың, оның басшылығының, профессор-оқытушылар құрамының немесе студенттерінің ресми ұстанымын білдірмейтіні айтылған. Сондай-ақ БМУ студенттердің әрекеті үшін кешірім сұраған.
Қазір БМУ екі студенттің мәселесін қарастырып жатыр.





