Ғылымға бөлінген әр теңге қанша табыс әкелді?

«Әділет» партиясының Құрылтайдағы фракциясы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінетін бюджет қаражатының тиімділігіне қатысты сауал жолдады. Депутат Тілектес Адамбеков бұл мәселені Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке жолдады.

Депутаттың айтуынша, соңғы алты жылда республикалық бюджеттен ғылымға бөлінетін қаржы алты есеге өскен. Ал 2023 жылдан бері ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын ішкі шығындар екі еседен астам артып, 2026 жылы 260 млрд теңгеге жеткен. 2023 жылы бұл көрсеткіш 121,5 млрд теңге болған.

Сонымен қатар, 2025 жылы 241 инновациялық жоба іске асырылып, 1200-ден астам зерттеу аяқталған. Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру бағдарламалары да кеңейтілген.

Алайда «Әділет» партиясы ғылымды қаржыландыру көлемінің өсуі нақты экономикалық нәтижемен қаншалықты ұштасып отырғанын анықтау қажет деп санайды. Депутаттың мәліметінше, ғылыми-зерттеу жұмыстарының шамамен 80 пайызы мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады.

«Бюджет тапшылығы жағдайында қаржыландыру көлемі мен іске асырылған жобалардың саны ғана емес, мемлекет салған инвестициялардың нақты қайтарымын бағалау маңызды», – деді Тілектес Адамбеков.

Осыған байланысты фракция министрден ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінген әрбір теңге бюджетке қандай экономикалық әсер әкелгені, оның ішінде қосылған құн, салық түсімі және экспорттық кіріс көлемі туралы мәлімет сұрады .

Сондай-ақ өндірісте қолданылған, коммерцияланған немесе жеке инвестиция тартқан ғылыми жобалардың үлесі қандай екені көтерілді.

Бұдан бөлек, ғылым мен технологияның түрлі бағыттарының экономикалық тиімділігіне салыстырмалы талдау жүргізіле ме деген сұрақ қойылды. Депутаттар қай салалардың жоғары экономикалық қайтарым беретінін, ал қандай бағыттарда практикалық нәтиже төмен екенін және оның себептерін білгісі келеді.

Еще больше интересного

Қазақстанда жаңа мұнай-газ кен орындарын игеру басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады.Ақорданың хабарлауынша, Асхат Хасенов ұлттық компанияның...

Қазақстанда педагогтерге арналған бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды

Қазақстанның білім жүйесінде педагог мәртебесін көтеру және ұстаздарымыздың құқықтарын қорғау бағытында нақты қадам жасалды. Елімізде ұстаздарға арналған...

Сот FlyArystan-ның әрекетін заңсыз деп таныды

Сот Сауда және интеграция министрлігінің FlyArystan компаниясына берген нұсқамасын заңды деп таныды. Тексеру барысында әуе компаниясының ішкі ережелерінен...