Балалар құқығы: Қазақстан БҰҰ алдында атқарылған жұмысты таныстырды

Женевада БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің 101-сессиясында Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының ережелерін орындауы жөніндегі біріктірілген бесінші және алтыншы мерзімді баяндамалары қаралды,-деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.

Қазақстанның ведомствоаралық делегациясын Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бастап барды.

БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің мүшелерімен диалог барысында делегация балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған негізгі заңнамалық және институционалдық өзгерістер туралы ақпарат берді.

Қазақстанда 7 млн-ға жуық бала тұрады, бұл ел халқының шамамен 34%-ын құрайды. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі жаңа Конституцияда отбасы мен баланы қорғау кепілдіктерінің күшейтілуі болды.

Қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау салаларындағы шараларды біріктірген 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыруға ерекше назар аударылды.

Қазақстан тарапы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингке қарсы іс-қимыл, психологиялық көмекті және мемлекеттік «111» байланыс орталығын дамыту шараларын таныстырды. Жетім балаларды отбасыларға орналастыру, инклюзивті білім беру, балалар денсаулығын сақтау, балалардың шешім қабылдауға қатысуы және олардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау мәселелері қаралды. Қазіргі уақытта жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 82%-ы отбасыларда тәрбиеленуде.

«Біз үшін тиімділіктің басты өлшемі – әрбір баланың жағдайының нақты жақсаруы. Қазақстан мазмұнды диалогқа және балалардың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін одан әрі дамытуға ашық», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Қазақстан Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының ережелеріне бейілділігін және Комитет ұсынымдарын ескере отырып, әрбір баланы қорғау кепілдіктерін нығайту бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады.

Еще больше интересного

Қазақстанда жаңа мұнай-газ кен орындарын игеру басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады.Ақорданың хабарлауынша, Асхат Хасенов ұлттық компанияның...

Қазақстанда педагогтерге арналған бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды

Қазақстанның білім жүйесінде педагог мәртебесін көтеру және ұстаздарымыздың құқықтарын қорғау бағытында нақты қадам жасалды. Елімізде ұстаздарға арналған...

Сот FlyArystan-ның әрекетін заңсыз деп таныды

Сот Сауда және интеграция министрлігінің FlyArystan компаниясына берген нұсқамасын заңды деп таныды. Тексеру барысында әуе компаниясының ішкі ережелерінен...