Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды. Қосановтың қызметтен босатылуы Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғадан кейін орын алып отыр. 24 қыркүйекте оқу-жауынгерлік міндетті орындау барысында әскери қызметшілер теңізге түсіп, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, кейін оқиға салдарынан 14 әскери қызметші қаза болғаны анықталды, үшеуі құтқарылды.

Оқиғаға байланысты Үкіметтік комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 453-бабының 2-бөлігі және 465-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап, оған қатысы бар тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беретінін хабарлады.

Еще больше интересного

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс...

Қорғаныс министрлігіне кешенді тексеру жүргізіледі

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстанның Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізетін арнайы комиссия құрылды,-деп хабарлайды Ақорда. Тексерудің негізгі...

«Дала дәмі» жәрмеңкелеріне 3,5 мың тоннаға жуық өнім шығарылды

Қазақстанның барлық өңірінде өтіп жатқан «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде сатылымға шығарылған өнім көлемі 3,5 мың тоннаға...