«Шетелдік» астықты «қазақстандық» етіп көрсеткен схема әшкереленді

Фото ашық дерек көзінен

Қаржылық мониторинг агенттігі Батыс Қазақстан облысында астықтың сұр импортына қатысты схеманың жолын кесті.

Тергеу дерегінше, шетелден әкелінген астық “қазақстандық” деп сыртқа сатылған. Қазақстан аумағы арқылы жалпы құны 11,2 млрд теңге болатын 130 мың тоннаға жуық астық Өзбекстанға, Ауғанстанға және Тәжікстанға экспортталған.

Бұдан «ҚТЖ – Жүк тасымалына» келтірілген залал көлемі 1 млрд теңгеден асады. Мемлекетке келген жалпы залал 1,2 млрд теңгені құрады.

Астықтың шығу тегін жасыру үшін жалған басшылардың атына компаниялар тіркеліп, отандық шаруа қожалықтарымен жалған келісімшарттар жасалған. Соның арқасында импорттық астық Қазақстанда өндірілген өнім ретінде рәсімделіп, экспорт кезінде жеңілдетілген тариф қолданылған.

Іске қатысы бар деп көрсетілген компаниялар қатарында «Bakery Nan», «KazGrano», «Perfect Seed», «Weizen» және «Golden Grain Kazakhstan» ЖШС-лары бар.

Бес адам күдікті деп танылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, іс материалдарымен танысу басталды.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.

Еще больше интересного

Қазақстанда педагогтерге арналған бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды

Қазақстанның білім жүйесінде педагог мәртебесін көтеру және ұстаздарымыздың құқықтарын қорғау бағытында нақты қадам жасалды. Елімізде ұстаздарға арналған...

Сот FlyArystan-ның әрекетін заңсыз деп таныды

Сот Сауда және интеграция министрлігінің FlyArystan компаниясына берген нұсқамасын заңды деп таныды. Тексеру барысында әуе компаниясының ішкі ережелерінен...

 «ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН КРЕДИТТЕУГЕ БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУЫ КЕРЕК»

https://youtu.be/q4wl6Ud4f1k «Бұл жөнінде де ұдайы айтып жүрміз. Әлбетте, оңай шаруа емес. Өйткені банктер – жекеменшік. Осы ретте кредитті шаруаларға...