Home Жаңалықтар «Заман өзгерді ғой»: Қорғаныс министрі әскери бөлімдегі жағдайды тосыннан тексерді

«Заман өзгерді ғой»: Қорғаныс министрі әскери бөлімдегі жағдайды тосыннан тексерді

«Заман өзгерді ғой»: Қорғаныс министрі әскери бөлімдегі жағдайды тосыннан тексерді

Қорғаныс министрі, генерал-майор Айдос Мырзахметов Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімдердің біріне тосын тексеру жүргізді.

Министр әскери қызметтің ұйымдастырылуымен, сарбаздардың орналасу және тұрмыс жағдайымен танысты. Казарма, асхана, медициналық пункт пен бөлімнің инфрақұрылымын аралап, жағдайды өз көзімен көрді.

Тексеру барысында анықталған мәселелер бойынша гарнизон басшылығына сын-ескертулер айтылды. «Заман өзгерді ғой,дұрыс жасау керек», – деді министр.

Айдос Мырзахметов нысандардың жай-күйін тек сырттай бақылап қана қоймай, кейбір тұстарын өз қолымен тексеріп, әскери қызметшілерге жасалған жағдайға назар аударды.

Тексеру қорытындысы бойынша әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын жақсарту, казармалар мен инфрақұрылымды ретке келтіру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here