Астанада автотұрақта бес көлік өртенді

Астанада тұрғын үй кешенінің маңындағы ашық автотұрақта бес жеңіл көлік өртенді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Өрт Сарайшық ауданындағы Ахмет Байтұрсынұлы көшесінде болған. Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде көліктерді жалын толық шарпыған.

Қатты желдің салдарынан өрт көршілес көліктерге тез тараған. Өрт сөндірушілер шақырту түскеннен кейін шамамен жеті минутта оқиға орнына жетіп, қызыл жалынды бірнеше минут ішінде сөндірді.

Өрттің шығу себебін мамандар анықтап жатыр.

ТЖМ қатты жел кезінде өрттің тез тарайтынын ескертті. Сондықтан түтін немесе жалын байқалған жағдайда дереу төтенше жағдайлар қызметіне хабарлау қажет.

Еще больше интересного

Қазақстанда педагогтерге арналған бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды

Қазақстанның білім жүйесінде педагог мәртебесін көтеру және ұстаздарымыздың құқықтарын қорғау бағытында нақты қадам жасалды. Елімізде ұстаздарға арналған...

Сот FlyArystan-ның әрекетін заңсыз деп таныды

Сот Сауда және интеграция министрлігінің FlyArystan компаниясына берген нұсқамасын заңды деп таныды. Тексеру барысында әуе компаниясының ішкі ережелерінен...

 «ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН КРЕДИТТЕУГЕ БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУЫ КЕРЕК»

https://youtu.be/q4wl6Ud4f1k «Бұл жөнінде де ұдайы айтып жүрміз. Әлбетте, оңай шаруа емес. Өйткені банктер – жекеменшік. Осы ретте кредитті шаруаларға...