
«Ауыл» партиясы фракциясы Ұлттық банкке депутаттық сауал жолдап, банк шоттарына шектеу қойылған азаматтардың өмір сүруіне қажетті қаражатын сақтауды ұсынды.
Депутат Алмас Мұхаметовтің айтуынша, 90 күннен астам төленбеген проблемалық кредит көлемі 1,8 трлн теңгеге, ал атқарушылық іс жүргізу кезінде банк шотына тыйым салынған азаматтар саны 1,5 млн-нан асқан.
Фракция банктер мен микроқаржы ұйымдарының келісімшарттарында қорғалған төлем минимумын міндетті түрде көрсетіп, оны банктік жүйе арқылы автоматты түрде сақтауды ұсынды.
«Қарыз қайтарылуы керек. Бірақ қарыз үшін адамды қалыпты өмір сүру мүмкіндігінен толық айыруға болмайды», – деді депутат.




