Шымкент қаласының полиция департаменті Қайрат Нұртастың концертінде орын алған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды

«Концерт кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Адамдардың көптеп жиналуынан концертке келген қыздардың бірі зардап шекті. Ол медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында. Іс-шараны ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлайды полиция.

10 қазанда Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың концертіне кіреберісте кептеліс болып, адамдардың жаппай қысылып қалғаны түсірілген видеолар тарады.

Концерттің билет сатылымын ұйымдастырған Freedom Афиша көрермендерді кіргізу мен күзет жұмыстары олардың міндетіне кірмегенін, концерттің ұйымдастырушысы – Show Service екенін мәлімдеді.

Еще больше интересного

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...

Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті құрылды

Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті алғашқы отырысын өткізді. Жиынға Комитет төрағасы Вера Ким жетекшілік етті. Отырыста...