«МЕН СІЗДЕРДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ ДЕП САНАЙМЫН» – ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ

Фото: ЖИ

Қазақстанда жастар саясаты елдің әлеуметтік-әкономикалық дамуының маңызды бағыттарының бірі саналады. Білім алу, жұмысқа орналасу, баспаналы болу, кәсіп бастау және қоғамдық өмірге араласу  –бүгінгі таңда мемлекеттік қолдаудың негізгі басымдықтары. 2026 жылы бұл бағыттағы жұмыстар жастардың әлеуетін ашуға және оларды ел дамуына белсенді тартуға бағытталып отыр. 

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 14 пен 35 жас аралығындағы 6,1миллионнан астам жас бар. Бұл – ел халқының 28 пайызынан астамы. Сондықтан жастарды қолдау тек әлеуметтік міндет емес, экономиканың адами капиталын дамытуға бағытталған стратегиялық инвестиция. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 24 сәуірде Alem.ai battleбайқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде: «Мен сіздерді Қазақстанның жарқын болашағы деп санаймын», – деп атап өтті. Президенттің бұл сөзі жас буынның ел болашағын қалыптастырудағы рөлін айқындайды. 

Жастар саясатының маңызды бағыттарының бірі – жұмыспен қамту. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың II тоқсанында 15–34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9 пайызды құраған. Ал жұмыс істемейтін, білім алмайтын және кәсіби даярлықтан өтпейтін NEETсанатындағы жастардың үлесі 5,7 пайыз болған.

Жас мамандардың еңбек нарығына бейімделуіне «Жастар практикасы»бағдарламасы да мүмкіндік беріп отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 28қазандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында 21 981 жас маман жұмысқа орналастырылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 25 мыңға жеткізу жоспарланған.

Білім беру саласында да қолдау жалғасуда. 2026–2027 оқу жылына жоғары білім алуға арналған 90 мыңға жуық грант бөлінді. Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандарды еңбек нарығының сұранысына сай даярлау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірінде 235 жастар ресурстық орталығы жұмыс жасайды. Олар жастарға жұмысқа орналасу, білім алу , тұрғын үй, психологиялық және құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді. 

Мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаты – жастарға тек қолдау көрсету емес, олардың өз әлеуетін жүзеге асыруына мүмкіндік жасау. Білімді, бәсекеге қабілетті  және бастамашыл ұрпақ қалыптастыру –елдің ұзақ мерзімді дамуының негізгі шарты болып қала береді.

Еще больше интересного

ТОҚАЕВ ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ! «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ЕЛДІҢ...

https://youtu.be/H946RKhmi9Y Мемлекет басшысы «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X құрылтайында кейбір сөздер мен терминдердің әртүрлі жазылуы түсінбеушілік тудыратынын айтты....

БЕЙБІТШІЛІКТІ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БАСТАМАЛАР

Халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарудан бас тарту, экологиялық тұрақтылық пен мемлекеттер арасында ынтымақтастықты нағайту – Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыттарының...

Тозығы жеткен ЖЭО жаңарту қашан аяқталады?

https://youtube.com/shorts/VwpdMu5Kzok?feature=share