Ерлан Қошанов Петропавлда жастар қозғалысын құруды ұсынды

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов Петропавлда өткен «Ұлттың жаңа болмысы: жастар және азаматтық жауапкершілік» республикалық жастар лагеріне қатысты.

Жиында Президент реформаларын іске асырудағы жастардың рөлі, азаматтық жауапкершілік және жас буынның әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесуде «Халық Кеңесі» Жастар қозғалысын құру бастамасы көтерілді. Алғашқы кезеңде оның құрамына еліміздің барлық өңірінен 126 жасты қосу ұсынылды. Олар Халық Кеңесінің мүшелерімен бірлесіп, «кері тәлімгерлік» қағидаты бойынша жұмыс істейді.

Жаңа қозғалыстың негізгі бағыттары қатарында NEET санатындағы жастарды қолдау, жұмысқа орналастыру, цифрлық дағдыларды дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, волонтерлік және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бар. Сондай-ақ Астанадағы JOLTAP жобасын өңірлерге тарату жоспарланып отыр.

Ерлан Қошанов жаңа құрылым кезекті есептік ұйымға айналмай, жастардың нақты бастамаларын жүзеге асыратын алаң болуы керектігін атап өтті.

Сапар барысында Халық Кеңесінің мүшелері Солтүстік Қазақстан облысындағы цифрлық инфрақұрылыммен де танысты. Қазір өңірдің аудандық және ауылдық жерлерінде 14 IT-орталық жұмыс істейді. Онда тұрғындар цифрлық платформалар мен жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйреніп жатыр.

Еще больше интересного

ТОҚАЕВ ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ! «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ЕЛДІҢ...

https://youtu.be/H946RKhmi9Y Мемлекет басшысы «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X құрылтайында кейбір сөздер мен терминдердің әртүрлі жазылуы түсінбеушілік тудыратынын айтты....

БЕЙБІТШІЛІКТІ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БАСТАМАЛАР

Халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарудан бас тарту, экологиялық тұрақтылық пен мемлекеттер арасында ынтымақтастықты нағайту – Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыттарының...

Тозығы жеткен ЖЭО жаңарту қашан аяқталады?

https://youtube.com/shorts/VwpdMu5Kzok?feature=share