13 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелеріне арналған шұғыл отырысы өтеді.
Жиында «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында мемлекеттің ұстанымы жарияланады,-деп хабарлайды Ақорда.
Сонымен қатар Президент «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау, ұлттық компания басшыларының жеке жауапкершілігі, стратегиялық кәсіпорындар жұмысындағы заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталады.





