Аббат Өрісбаев Маңғыстауда Президент Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді

Құрылтай депутаты Аббат Өрісбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Ақтау және Жаңаөзен қалаларында болып, білім беру, денсаулық сақтау, энергетика, мұнай-газ және жеңіл өнеркәсіп салаларының өкілдерімен кездесті. Жиындарда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттер, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және еңбек ұжымдарын толғандырған мәселелер талқыланды.

Білім мен ғылым – ел дамуының негізі

Жұмыс сапары Ақтау қаласындағы Yessenov University-де өткен кездесуден басталды. Оған Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Бекмұрат Қыдырбайұлы Жүсіпов, университет басшылығы, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Кездесуде білім мен ғылымның сапасын арттыру, цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу, жастарды жұмыспен қамту және адами капиталды дамыту мәселелері сөз болды. Әсіресе, еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлау, жас буынның кәсіби біліктілігін арттыру және олардың әлеуетін жүзеге асыруына мүмкіндік жасау қажеттігі атап өтілді.

Сондай-ақ 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау бастамасы талқыланды. Оның аясында өңірлердегі әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын салу мен жаңғырту көзделген.

Энергетика және өндіріс саласындағы міндеттер

Жаңаөзен қаласында Аббат Өрісбаев «Өзенмұнайсервис» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Жиынға ҚР Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев пен Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрайымы Лаура Ахметнияз қатысты.

Кездесуде мұнай-газ саласын жаңғырту, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, өндірістік қуаттарды арттыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды. Сонымен қатар облыстағы электр және жылу желілерін жаңарту, елді мекендерді газдандыру бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берілді.

Депутат «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС ұжымымен де жүздесті. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрамындағы кәсіпорын елімізді сұйытылған газбен, Маңғыстау облысының тұрғындарын құрғақ газ және пеш отынымен қамтамасыз етеді. Зауытта 833-тен астам адам еңбек етеді.

Жиында өндірістік қуаттарды дамыту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және технологиялық жаңғырту мәселелері талқыланды.

Сапар аясындағы тағы бір кездесу «Өзенмұнайгаз» АҚ еңбек ұжымымен өтті. Мұнда өндіріс тиімділігімен қатар, мұнайшылардың еңбек құқықтарын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру, тұрақты жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Жұмысшылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.

Денсаулық сақтау саласына басымдық

Аббат Өрісбаев Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханасының медицина қызметкерлерімен де кездесті. Жиынға қала әкімі Сымбат Төретаев, Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрайымы Лаура Ахметнияз және «Әділет» партиясы облыстық филиалының төрағасы Имаммахмұт Шағырбаев қатысты.

Кездесуде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту, дәрігерлердің еңбек жағдайын жақсарту және медициналық кадрларды даярлау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар өңірде жаңа медициналық нысандар салу және медицина қызметкерлерін қолдау бағытындағы жоспарлар сөз болды.

Отандық өндіріс пен жаңа жұмыс орындары

Жұмыс сапары барысында депутат «Жанарыс» тігін фабрикасының ұжымымен де кездесті. Кәсіпорын мұнайшыларға, медицина, білім беру және қызмет көрсету салаларының мамандарына арналған киімдер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының арнайы формаларын тігеді.

Қазіргі уақытта фабрикада 400 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын өндіріс көлемін кеңейту арқылы қосымша 400 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар екенін жеткізді.

Кездесуде отандық өндірісті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, өндірістік әлеуетті арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды.

Өңір дамуы – нақты нәтижемен өлшенеді

Мемлекет басшысының Жолдауында 2029 жылдың соңына дейін әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бағыттау көзделген. Бұл қаражат өңірлердегі жолдарды, жылу, электр және сумен жабдықтау желілерін жаңартуға, сондай-ақ ауруханалар мен білім беру нысандарын салуға жұмсалмақ.

Маңғыстау облысындағы жұмыс сапары барысында білім беру, денсаулық сақтау, энергетика және өндіріс салаларының өзекті мәселелері қамтылды. Кездесулерде Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндірумен қатар, еңбек ұжымдарының ұсыныстары мен пікірлерін тыңдауға басымдық берілді.

Айтылған бастамалардың басты мақсаты – өңірдің экономикалық әлеуетін арттыру, өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту.

Еще больше интересного

Боқаев «ҚазТрансГаздан» кеткен соң компания ақшасын игеруге қалай араласты

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Санжар Боқаевтың ісі бойынша қаржылық және кадрлық құжаттарды зерттеу жалғасып жатыр. Кезекті...

Ипотеканың бастапқы жарнасы 10 пайыз бола ма?

Қазақстанда баспана алуды жеңілдететін жаңа ипотекалық бағдарлама әзірленіп жатыр. Енді үйдің бастапқы жарнасына пәтер құнының 10 пайызы...

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА САЛАСЫ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТРАНЗИТТІК ӘЛЕУЕТІ КҮШЕЮДЕ

Қазақстан Еуразиядағы көлік-логистика торабындағы орнын нығайту үшін халықаралық дәліздерді дамытып, тасымалды цифрландыруға басымдық беріп келеді. Көлік министрлігінің...