Ахметов пен Мағауия қайда болды?

Қорғаныс министрлігі әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. видеосын жариялады.

24 қыркүйекте Маңғыстауда әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қаза болып, 3-і. аман қалды.

Әу баста Қорғаныс министрлігі жалпы 19 әскери қатысқанын хабарлаған болатын.
Кейін бұл тізім 17 әскери қызметші болды деп тарады.

Алайда, әлеуметтік желіде аман қалған сарбаздар Ахметов пен Мағауия неге тізімде жоқ?-деген ақпарат тарады.

Қорғаныс министрлігі аталған әскери қызметшілер жағалауда оқу міндеттерін орындаған топтың құрамында болғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта Ахметов пен Мағауия әскери бөлімнің орналасқан жерінде, күн тәртібіне сәйкес қызмет атқарып жүр.

Қорғаныс министрлігі таратқан видеода әскерилер кемеде болмағанын,жағада жұмыс істегенін айтып отыр.

Еще больше интересного

Депутат жастарды есірткі бизнесінен қорғау үшін студенттерге тегін тамақ...

Қазақстанда колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін базалық әлеуметтік қолдау пакетімен қамтамасыз ету ұсынылды. Бұл жастарды қылмысқа...

Шот бұғатталса, өмір сүруге ақша қалуы керек

«Ауыл» партиясы фракциясы Ұлттық банкке депутаттық сауал жолдап, банк шоттарына шектеу қойылған азаматтардың өмір сүруіне қажетті қаражатын...

Астанада автотұрақта бес көлік өртенді

Астанада тұрғын үй кешенінің маңындағы ашық автотұрақта бес жеңіл көлік өртенді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі...