АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА: ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ -2026

2026 жылғы Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына байланысты pikirmedia.kz интернет-ресурсында сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарын орналастырудың ақысы, шарттары және тәртібі туралы «Ильясов А.Д» жеке кәсіпкерлігі – pikirmedia.kz ақпараттық порталының меншік иесі – 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 «Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына байланысты сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарын интернет-ресурста орналастырудың ақысы, шарттары және тәртібі туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтай отырып, pikirmedia.kz интернет-порталы партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат материалдарын ашықтық, теңдік және кемсітпеу қағидаттары негізінде жариялауды қамтамасыз етеді.

1. Сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңі

Басталуы:

2026 жылғы 23 шілде, сағат 18:00-ден кейін.

Аяқталуы:

2026 жылғы 22 тамыз, сағат 00:00-де.

2. Қызметтердің құны

Қызметтердің құны бекітілген прайс-параққа сәйкес айқындалады.

3. Келісімшарт жасау тәртібі

Өтініштер 2026 жылғы 14 шілдеден бастап қабылданады.

Материалдарды орналастыру өтініштердің редакцияға келіп түсу кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады.

Келісімшарт жасау үшін ұсынылатын құжаттар:

— партиялық тізімнің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі; 

— саяси партияның сенім білдірген тұлғасының өкілеттігін растайтын құжат (уәкілетті орган берген куәлік); 

— сенім білдірген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі; 

— келісімшартқа қол қою құқығын растайтын құжаттар. 

4. Материалдарды орналастырудың негізгі талаптары

Материалдарды ұсыну мерзімі

Дайын материалдар жарияланатын күнге дейін кемінде 1 (бір) күнтізбелік күн бұрын ұсынылуы тиіс.

Міндетті ақпарат

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрбір үгіт-насихат материалында:

— қаржыландыру көзі; 

— материалды ұсынған жауапты тұлғаның (сенім білдірілген адамның) аты-жөні 

міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

Мазмұн үшін жауапкершілік

Материалдардың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне, сондай-ақ ұсынылған мәтіндер, бейнематериалдар және өзге де ақпараттың дұрыстығына тапсырыс беруші толық жауап береді.

Материалды жариялаудан бас тарту

pikirmedia.kz редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, оның ішінде:

— ұлттық; 

— діни; 

— әлеуметтік; 

— рулық немесе өзге де араздықты қоздыратын; 

— конституциялық құрылысқа қауіп төндіретін; 

— азаматтардың немесе басқа саяси партиялардың ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін 

материалдарды жариялаудан бас тартуға құқылы.

5. Техникалық талаптар

PR-мақалалар

— тақырып – 90 таңбаға дейін; 

— кіріспе мәтін (лид) – 200 таңбаға дейін; 

— жоғары сапалы 5 суретке дейін (кемінде 1920×1080 px); 

— материалда қону бетіне (Landing Page) сілтеме болуы ұсынылады. 

Баннерлер

Қолдау көрсетілетін форматтар:

— HTML5; 

— GIF; 

— JPEG; 

— PNG. 

Талаптар:

— көлемі – 150 КБ-қа дейін; 

— анимация ұзақтығы – 30 секундтан аспауы тиіс; 

— көзді қарықтыратын жыпылықтау әсерлерін пайдалануға жол берілмейді. 

Instagram Reels және TikTok

— форматтары: MP4 немесе MOV; 

— көлемі: 1080×1920 px (9:16); 

— ұзақтығы: 1 минутқа дейін. 

6. Төлем жасау тәртібі

Қызмет ақысы pikirmedia.kz редакциясы ұсынған төлем шоты негізінде жүргізіледі.

Төлем шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде аударылуы тиіс.

7. Байланыс ақпараты

Өтініштер демалыс және мереке күндерінен басқа уақытта сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады.

Мекенжай:

Қазақстан Республикасы,

Астана қаласы,

Мәңгілік Ел даңғылы, 8,

45-кабинет

Байланыс телефоны:

+7 701 621 1805

Электрондық пошта:

pikirmedia@mail.ru

Еще больше интересного

«Халық қатысатын бюджет»: Алматының Медеу ауданында жүргінші бағыттары көркейтілді

Алматының Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жер бедері күрделі учаскелердегі жүргінші бағыттары көріктендірілді. Жер бедерінің ерекшелігі...

Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық...

Мемлекеттік қызметтер интернетсіз де қолжетімді болады

Қазақстанда цифрлық мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. Енді азаматтың ұялы байланыс шотында қаражаты болмаса да, маңызды электронды...