Баян Мақсатқызы: Зорлық-зомбылыққа бейжай қарауға болмайды

Баян Мақсатқызы «Talk Like» бағдарламасында қоғамдағы зорлық-зомбылық мәселесін қозғады. Оның айтуынша, бұл тек Қазақстанға ғана тән құбылыс емес. Мұндай жағдай әлемнің көптеген елінде кездеседі. Дегенмен елімізде де зорлық-зомбылық деректері аз емес.

«Меніңше, бұл бұрыннан бар мәселе. Тек қазір әлеуметтік желілердің арқасында көп нәрсе ашық айтыла бастады. Бала кезімізде көршілердің әйеліне қол көтерген жағдайларын көретінбіз. Ол қалыпты жағдай саналмаса да, «біреудің отбасына араласпау керек», «әр отбасының өз мәселесі бар» деген түсінік басым еді. Ал шын мәнінде, мұндай жағдайға бейжай қарауға болмайды. Бұл туралы ашық айтып, дабыл қағу керек», – деді ол.

Баян Мақсатқызының сөзінше, қазір әйелдер өз құқықтарын бұрынғыдан жақсырақ түсіне бастаған. Бұған әйелдер қозғалысы мен феминистік қозғалыстың да ықпалы бар.

«Уақыт өте келе зорлық-зомбылық жағдайлары азаяды деп сенемін. Мен өзім де осы мәселемен күресіп, бұл туралы жиі айтып жүремін. Қазір екі оңалту орталығым бар. Онда көмекке мұқтаж әйелдер мен балалар тұрады. Жалпы орталықтарда жүзге жуық адам бар. Өкінішке қарай, көмекке мұқтаж адамдардың саны әзірге азаймай отыр», – деді Баян Мақсатқызы.

Еще больше интересного

Қазақстан армиясы реформаланады: әскерге шақырылушылар алты ай оқып, алты...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, әскери реформа жоспарын қарады. Мемлекет басшысы заманауи, ұтқыр әрі технологиялық...

Астанада есірткі қосылған 238 печенье тәркіленді

Астанада интернет-дүкен арқылы есірткі сатты деген күдікпен 30 жастан асқан бес ер адам ұсталды. Тінту кезінде олардан...

Қазақстаннан 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз шығарылған

ҰҚК мұнай өнімдерін шетелге заңсыз экспорттаған ұйымдасқан топтың қызметін тоқтатты. Тергеу дерегінше, 2019–2023 жылдары Batys Nefte Trade...