ЖИ еңбек нарығын өзгертеді: Қазақстанда қандай мамандықтар жойылуы мүмкін?

Жасанды интеллект пен технологияның қарқынды дамуы Қазақстандағы еңбек нарығын түбегейлі өзгертуі мүмкін. Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев автоматтандыру салдарынан ең көп тәуекелге ұшырайтын мамандықтарды атады.

Министрдің айтуынша, мәтін мен ақпаратты өңдеуге байланысты қайталанатын жұмыстар біртіндеп жойылуы мүмкін.

«Кейбір мамандықтар жойылады. Олар – мәтінді өңдеушілер мен терімшілер, деректерді енгізу қызметкерлері, корректорлар. Көптеген мамандықтар трансформацияланады. Қызметтің мүлде жаңа бағыттары пайда болады», – деді Асқарбек Ертаев.

Бұған дейін министрлік автоматтандыру қаупі жоғары мамандықтардың қатарына хатшыларды, көмекшілерді, операторларды, іс жүргізушілерді және қарапайым бухгалтерлерді де енгізген.

Дегенмен Қазақстан экономикасына мамандарға деген сұраныс әлі де жоғары. 2035 жылға дейін елге 2,9 млн жұмысшы қажет болады деп болжанып отыр. Оның ішінде 1,8 миллионы – жұмысшы мамандықтардың өкілдері.

Ең жоғары сұраныс өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және IT салаларында болады деп күтілуде.

Осыған байланысты Еңбек министрлігі сұранысқа ие мамандықтар тізімін 51-ден 174 бағытқа дейін кеңейтті. Олардың қатарында инженерия, биотехнология, сондай-ақ жасыл және атом энергетикасы салалары бар.

Яғни жасанды интеллект жұмыс орындарын ғана қысқартпайды – еңбек нарығында мүлде жаңа мамандықтарға жол ашады.

Еще больше интересного

Депутат жастарды есірткі бизнесінен қорғау үшін студенттерге тегін тамақ...

Қазақстанда колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін базалық әлеуметтік қолдау пакетімен қамтамасыз ету ұсынылды. Бұл жастарды қылмысқа...

Шот бұғатталса, өмір сүруге ақша қалуы керек

«Ауыл» партиясы фракциясы Ұлттық банкке депутаттық сауал жолдап, банк шоттарына шектеу қойылған азаматтардың өмір сүруіне қажетті қаражатын...

Астанада автотұрақта бес көлік өртенді

Астанада тұрғын үй кешенінің маңындағы ашық автотұрақта бес жеңіл көлік өртенді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі...