Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстанның егемендік жылдарында жеткен жетістіктерін атап өтіп, елдің Тәуелсіздіктің 35 жылдығына экономикасы қуатты, халықаралық беделі жоғары орта держава ретінде жеткенін айтты.

Президент жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және саяси, экономикалық, мәдени әрі әлеуметтік салалардағы өзгерістерге серпін бергенін атап өтті.

Сондай-ақ озық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамыту, өндіріс орындарын ашу, инфрақұрылымды жаңғырту және әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

Мемлекет басшысы Заң мен Тәртіп, Тазалық, Бірлік пен Келісім құндылықтарын дәріптеудің маңызын атап өтіп, Әділетті, Қауіпсіз, Озық әрі Таза Қазақстан құру мақсатына тоқталды.

Президент отандастарға ізгі тілегін білдіріп, Республика күнімен құттықтады.

Еще больше интересного

Қазақстанда жаңа мұнай-газ кен орындарын игеру басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады.Ақорданың хабарлауынша, Асхат Хасенов ұлттық компанияның...

Қазақстанда педагогтерге арналған бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды

Қазақстанның білім жүйесінде педагог мәртебесін көтеру және ұстаздарымыздың құқықтарын қорғау бағытында нақты қадам жасалды. Елімізде ұстаздарға арналған...

Сот FlyArystan-ның әрекетін заңсыз деп таныды

Сот Сауда және интеграция министрлігінің FlyArystan компаниясына берген нұсқамасын заңды деп таныды. Тексеру барысында әуе компаниясының ішкі ережелерінен...