Home Жаңалықтар Астанада қоғамдық көлік бағасы 150 теңгеге көтеріледі

Астанада қоғамдық көлік бағасы 150 теңгеге көтеріледі

Астанада қоғамдық көлік бағасы 150 теңгеге көтеріледі

1 желтоқсаннан бастап Астанада қоғамдық көлікте бір рет жүру құны 150 теңге болады.

Қалалық әкімдік тарифтің өсуін тасымалдаушылар шығынының айтарлықтай артуымен түсіндірді. 2014 жылы 90 теңге болып бекітілген жолақы кейін бір рет қана қайта қаралып, 110 теңгеге дейін өскен.

Әкімдік мәліметінше, осы кезеңде дизель отынының бағасы 3 еседен астам, ал автобус жүргізушілерінің жалақысы 100–150 мың теңгеден 700 мың теңгеге дейін артқан. Сонымен қатар соңғы үш жылда елорданың автобус паркі 1127 жаңа көлікпен толықты.

Әлеуметтік жеңілдіктер сақталады. Зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар мен аналар, мүгедектігі бар адамдар, ҰОС ардагерлері және 18 жасқа дейінгі оқушылар қоғамдық көлікте бұрынғыдай тегін жүреді.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here