Атыраудағы «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінің Б блогында лифт үшінші қабаттан авариялық түрде төмен түскен. Оқиға кезінде оның ішінде төрт адам болған.
Атырау Төтенше жағдайлар департаментіне бұл туралы ақпарат 5 қазан күні сағат 10:05-те түскен.
Төрт жолаушы да зардап шеккен. Үшеуін дәрігерлер қарап, қажетті медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйлеріне жіберді. Тағы бір адам медициналық көмектен бас тартқан. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайы қанағаттанарлық.
Лифтінің не себепті апатқа ұшырағаны әзірге белгісіз. Мамандар оқиғаның себебін анықтап жатыр.
Оқиға орнына келген Атырау әкімі Данияр Таханов жауапты қызметтерге лифт апатының себебін жедел анықтауды және қаладағы барлық лифтінің техникалық жағдайын кешенді тексеруді тапсырды.
Дерек көзі:atyrauoil
