Home Жаңалықтар Иркутскідегі «оба» туралы ақпарат: Қазақстанда жағдай бақылауда

Иркутскідегі «оба» туралы ақпарат: Қазақстанда жағдай бақылауда

Иркутскідегі «оба» туралы ақпарат: Қазақстанда жағдай бақылауда

Ресейдің Иркутск облысында аса қауіпті инфекцияға күдік бойынша дабыл көтерілді. Бірақ оба диагнозы әзірге ресми расталған жоқ.

28 жастағы әйелдің өліміне қатысты эпидемиологиялық тергеу жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, өлім себебі — этиологиясы анықталмаған пневмония.

Марқұммен байланыста болған 197 адам медициналық бақылауға алынған. Қазір олардың ешқайсысында ауру белгілері анықталмаған, зертханалық нәтижелері теріс.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі де жағдайды жіті бақылауда. Шекарадағы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілген. Әзірге Қазақстанға келгендер арасынан дене қызуы жоғары немесе аса қауіпті инфекцияға күдікті адам анықталған жоқ.

Министрліктің бағалауынша, инфекцияның Қазақстанға әкеліну қаупі төмен.

Иркутскіде оба тарады деген ақпарат әзірге расталған жоқ. Ресми диагноз анықталғанға дейін әлеуметтік желідегі қауесетке сенуге негіз жоқ.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here