Сенім мемлекет пен бизнестің стратегиялық активіне айналуда

Елордада мемлекеттік және корпоративтік коммуникацияларды дамытуға арналған XIV PR Forum Astana конференциясы өтті.Биылғы форумда «Сенім мемлекет пен бизнестің стратегиялық активі ретінде» тақырыбы талқыланды.

13 жыл ішінде форум Қазақстанның әр өңірінен 1500-ден астам маманды біріктірген. Биылғы пікірталаста саяси коммуникациялар, қазақ тіліндегі контентті дамыту, өнеркәсіп саласындағы коммуникация, жасанды интеллектіні PR-да пайдалану мәселелері көтерілді.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, қазіргі таңда сенім мемлекет пен бизнес үшін маңызды стратегиялық ресурсқа айналған.

«Сенімді бір ғана жарнамалық науқан немесе сәтті ақпараттық жоба арқылы қалыптастыру мүмкін емес. Ол жүйелі әрекеттен, ашықтықтан және әртүрлі аудиториямен адал диалог жүргізу қабілетінен құралады», – деді «PR-шы» клубының тең құрылтайшысы, ҚР Ұлттық PR қауымдастығы кеңесінің төрайымы, Қазақстан Баспасөз клубы/PG Communications CEO-сы.

Саяси коммуникациядағы жаңа ережелер

Форумның іскерлік бағдарламасы «Қазақстандағы саяси коммуникация: сайлау, сенім және саяси PR-дың жаңа ережелері» тақырыбындағы пленарлық пікірталаспен басталды.

Сарапшылар мемлекет, саяси институттар, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғам арасындағы коммуникацияның өзгеруін талқылады. Сондай-ақ қазіргі саяси PR-да қандай құралдар тиімді екені және аудитория сенімінің маңызы сөз болды.

Қазақ тіліндегі контент: аудармадан коммуникацияға

Форумда қазақ тіліндегі контент мәселесіне де арнайы панель арналды.

Қатысушылар компаниялар мен ұйымдардың тәжірибесін талдап, қазақ тіліндегі контенттің тек тілдік талапты орындау үшін жасалмай, аудиториямен табиғи әрі сапалы коммуникация құралына айналуы қажеттігін атап өтті.

Форумның тағы бір маңызды бағыты – өнеркәсіптік компаниялардың коммуникациясы.

Ірі өндіріс орындары қызметкерлермен қатар жергілікті қауымдастықтармен, мемлекеттік органдармен, инвесторлармен, БАҚ және қоғамдық ұйымдармен тығыз жұмыс істейді. Осыған байланысты мұндай компаниялар үшін ашықтық, сенім, ESG қағидаттары және бедел тәуекелдерін басқару маңызды.

Форумның дәстүрлі PRacticum практикалық блогында нақты коммуникациялық кейстер ұсынылды.

Атап айтқанда, дағдарыстық коммуникацияның «Отбасы банкке» түсетін шағымдарды азайтуға қалай ықпал еткені, саналы донорлық мәдениетін қалыптастыру тәжірибесі және Қазақстан Ұлттық Банкінің коммуникациялық шешімдер қабылдауда зерттеу, медиа-аудит және AI құралдарын қолдануы талқыланды.

Форум серіктесі BCC Life PR, ESG және клиенттік тәжірибені ұштастыра отырып, зейнетақы аннуитетін ілгерілету тәжірибесімен бөлісті.

Форум соңында фасилитациялық сессия және «Сенім конструкторы: AI, GR және салалық коммуникациялар жұмысы» іскерлік ойыны ұйымдастырылады.

Қатысушылар талқыланған идеялар мен тәжірибелерді біріктіріп, нақты коммуникациялық міндеттерді топпен шешуге мүмкіндік алады.

Еще больше интересного

«Бір белдеу, бір жол»: Қазақстанның жаңа бағыты

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Гонконгте өткен 11-ші «Бір белдеу, бір жол» саммитіне қатысты. Саммит –...

«Үздік жас отбасы – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Отбасы күніне орай Астанада «Үздік жас отбасы – 2026» қалалық байқауының ақтық кезеңі өтті. Жас отбасылар...

Бектенов денсаулық сақтаудағы цифрландыруды талқылады

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан...