400 мың жұмыс орны қысқаруы мүмкін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жасанды интеллектінің әсерінен 400 мың жұмыс орны қысқаруы мүмкін екенін ескертті министрлігінде алдағы.
Бұл туралы Сенат кулуарында еңбек вице-министрі Ербол Тұякбаев айтты.

Оның сөзінше, еңбек нарығындағы өзгерістерге қатысты болжамдарды Еңбек ресурстарын дамыту орталығы дайындаған.

«Алдағы 10 жылда жасанды интеллектіні жаппай енгізуге байланысты жұмыс орындарының қысқаруы болуы мүмкін. Әсіресе көмекші персонал, бухгалтерлер, заңгерлер және адамның тікелей қатысуын қажет етпейтін мамандықтар тәуекел аймағында», — деді Тұякбаев.

Мамандардың бағалауынша, автоматтандыру қаупіне шамамен 300–400 мың жұмыс орны ұшырауы мүмкін.

Министрлікте бұл өзгерістерге дайындық жұмыстары басталғанын айтты. Жыл басынан бері Қазақстанда 186 мың адам жаңа мамандықтар бойынша қайта даярлаудан өткен.

Вице-министрдің айтуынша, қайта даярлау бағдарламалары қазір еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып жатыр.

Еще больше интересного

Алматыда РФММ-нің 47 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Балалар 12 және 13 қазанда...

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...

Қазақстан 2027 жылы триллиондаған теңгені қайда жұмсайды?

Қазақстанның 2027 жылғы республикалық бюджет шығыны 30,2 триллион теңге болады. Оның басым бөлігі әлеуметтік салаға, өңірлерді дамытуға,...