«Тазы лигасы — 2025»: Жүйрік тазылар жарысы өтті

«Тазы лигасы - 2025»: Жүйрік тазылар жарысы өтті

Бүгін Ақмола облысы Ақжар ауылында қазақтың тазы тұқымын насихаттауға бағытталған «Тазы лигасы – 2025» атты ауқымды жарыс өтті.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, аграрлық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев және Мәжіліс депутаттары Жигули Дайрабаев, Қарақат Әбден, «Ауыл» партиясының Жастар қанаты, қоғам белсенділері, тазы асыраушылар қатысты. Ерекше сайысты мыңнан астам адам тамашалады.

Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев бұл жарыс «Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай және қазақтың ұлттық брендін һәм құндылығын дәріптеу мақсатында жүзеге асқанын атап өтті.

«Қазақ үшін тазы жеті қазынаның бірі. Бұл жай ғана сөз емес, ата-бабамыздан келе жатқан терең таным, халқымыздың бай мәдениетінің, соның ішінде аңшылық өнерінің ерекше символы. Біз осы табиғаттың бірегей жаратылысын сақтап, келер ұрпаққа аманат етіп қалдыруымыз керек. Осы бағыттағы жұмыстарды бір жүйеге келтіруіміз қажет. Бүгінгі іс-шара тазыны тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерге де таныту, ұлттық брендті әрі ұлттық спортты – тазы жарысын халықаралық деңгейге шығару жолындағы маңызды қадам», — деді депутат.

«Тазы лигасы - 2025»: Жүйрік тазылар жарысы өтті

Жарысқа 220-дан астам тазы қатысты. Жүлде қоры – 2 200 000 теңге.

Тазы иелері арасында бірінші орынды Астана қаласынан келген Мұрат Мансуров жеңіп алды, екінші орынды Қарағанды қаласынан қатысқан Азамат Төкешов иеленді. Үшінші орын да Қарағанды қаласынан келген тазы асыраушыға – Нұрдәулет Мырзахановқа бұйырды.

«Тазы лигасы - 2025»: Жүйрік тазылар жарысы өтті

Ұрғашы тазылардың жарысында Қарағанды қаласының тұрғыны Қазбек Абдрахмановтың иті бірінші келді. Павлодар қаласынан қатысқан Диас Мұқашевтың жүйрігі екінші орын алды. Ал үшінші орынды Қарағанды қаласынан келген Жан Төлеуов еншіледі.

Тағы оқыңыз...

LRT сынақтан өтіп жатыр

Бүгіннен бастап LRT сынақтан өтіп жатыр.Жеңіл рельсті көлік жүйесінің сынақтан өткізу барысында инфрақұрылымның техникалық дайындығы, қозғалыс қауіпсіздігі...

Италия Президенті Қазақстанда

Бүгін Ақорда Италия Президентіне құрмет көрсетіп жатыр. Қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Италия Президенті...

Маңғыстауда 401 млрд теңгелік туризм жобалары іске асады

Ақтау қаласында Халықаралық туризм күніне орай Mangystau International Tourism Forum өтті. Каспий жағасында өткен форумға Экономикалық ынтымақтастық...