Астана – Үржар чартерлік рейстері іске қосылды

2 шілдеден бастап KOMPAS Touroperator Астана – Үржар бағыты бойынша QAZAQ AIR әуе компаниясымен чартерлік бағдарламаны іске қосты. Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері 16 тамызға дейін орындалады.

Турпакетке әуе билеті, трансфер, қонақүйде тұру және таңғы ас кіреді. Сонымен қатар, Kids Go Free акциясы аясында балаларға әуе билеті тегін ұсынылады.

Бағдарлама Абай облысындағы Алакөлдің шығыс жағалауына демалуды жеңілдетуге бағытталған. Үржар жағалауы таза суымен, қара шунгит тасты жағажайымен және отбасылық демалысқа қолайлы инфрақұрылымымен танымал.

Еще больше интересного

Қазақстанда жаңа мұнай-газ кен орындарын игеру басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады.Ақорданың хабарлауынша, Асхат Хасенов ұлттық компанияның...

Қазақстанда педагогтерге арналған бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды

Қазақстанның білім жүйесінде педагог мәртебесін көтеру және ұстаздарымыздың құқықтарын қорғау бағытында нақты қадам жасалды. Елімізде ұстаздарға арналған...

Сот FlyArystan-ның әрекетін заңсыз деп таныды

Сот Сауда және интеграция министрлігінің FlyArystan компаниясына берген нұсқамасын заңды деп таныды. Тексеру барысында әуе компаниясының ішкі ережелерінен...