Президент Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын аумақ мәртебесі беріледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ақмола облысындағы әйгілі Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие болады. Ол үшін «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы кеңейтіліп, оның құрамына Көбейтұз көлінің акваториясы енгізіледі.

Елордадан шамамен 160 шақырым жерде орналасқан қызғылт түсті Көбейтұз көлі соңғы жылдары туристер жиі баратын табиғи орындардың біріне айналды. Келушілер санының көбеюіне байланысты көлдің бірегей экожүйесін сақтау және туристік инфрақұрылымды реттеу қажеттілігі туындаған.

Осыған байланысты Ақмола облысының әкімдігі көл жағалауын абаттандыру жұмыстарын бастайды. Жоба аясында бақылау алаңы мен автотұрақ салынып, келушілерге табиғи нысанды қауіпсіз тамашалап, суретке түсуге мүмкіндік жасалады. Сонымен бірге экожүйеге зиян келтірмеу басты талап ретінде сақталады.

Мамандардың айтуынша, көлдің гидрохимиялық құрамына жүргізілген зерттеу нәтижесінде аммонийлі азот, аммиак, хлоридтер, мышьяк, сульфаттар және өзге де заттардың мөлшері рұқсат етілген нормадан жоғары екені анықталған. Осыған байланысты Көбейтұзда шомылуға және көл жағасынан тұз жинауға қатаң тыйым салынған.

Абаттандыру жұмыстары жүргізілетін кезеңде көлге кіру уақытша шектеледі. Жағалау аумағына жақындауға болмайды, ал кіреберістерде тәулік бойы бақылау бекеттері жұмыс істеп, аумақты полиция мен уәкілетті органдар күзетеді.

Билік өкілдерінің мәліметінше, аталған шаралар Көбейтұздың бірегей табиғи келбетін сақтап, оны келер ұрпаққа аман жеткізуге бағытталған. Сонымен қатар бұл бастама Президент жариялаған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының мақсаттарына толық сәйкес келеді.

Еще больше интересного

Әлеуметтік күн тәртібі мен еркін үгіт-насихат: байқаушылар Қазақстандағы сайлау...

Бүгін Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды бақылау жөніндегі...

Алматыда мектеп психологтарына балалардың суицид қаупін ерте анықтау үйретілді

2026 жылғы 17-21 тамыз аралығында Алматы қаласында «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы психикалық денсаулықты нығайту және суицидтік мінез-құлықтың...

Екі партия қажетті 5 пайыздық межені еңсере алмады.

«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауында 71.80% дауыс жинап, көштің басында тұр. “Ауыл” партиясы 6,4, % Respublica партиясы 5,40%,...