Астанада автосалон директоры клиенттерді алдап, 6 жыл 8 айға сотталды

Астанада автосалон директоры Қытайдан көлік әкелуге тапсырыс берген алты клиентті алдап, 128 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.

Тергеу мәліметінше, директор бір жыл бойы клиенттермен көлікке тапсырыс беру және жеткізу туралы келісімшарттар жасасқан. Алайда алған ақшаны көлік сатып алуға жұмсамай, жеке қажетіне жаратқан.

Алаяқтығын жасыру үшін ол клиенттерге банк арқылы ақша аударылғанын растайтын жалған құжаттар көрсетіп, тапсырыстар орындалып жатқандай әсер қалдырған.

Нәтижесінде алты адам 128 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылған.

Сот автосалон басшысын 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар жәбірленушілердің материалдық шығынды өтеу туралы талаптары қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Еще больше интересного

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...

Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті құрылды

Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті алғашқы отырысын өткізді. Жиынға Комитет төрағасы Вера Ким жетекшілік етті. Отырыста...